Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқаш маңында «Екатеринбург - Алматы» жолы жабылды

2020 жылдың 28 қараша 2020 22:27

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Балқаш маңында «Екатеринбург - Алматы» жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» компаниясының мәліметі бойынша 28 қарашада сағат 21:20-де ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қатты жел) жүк және қоғамдық автокөлік түрлеріне «Екатеринбург - Алматы» а/ж учаскесінде (1854 - 2005 км, Балқаш қ. – Жамбыл облысының шекарасы) қозғалыс шектетілді.

Еске сала кетсек, сағат 13:20-да Түлкібас ауданында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар а/ж учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды (593-654 км, Жамбыл облысының шекарасы-Машат асуы).
Басты сөздер: Қарағанды облысы, Көлік, Жол,
Жоғары қарай