Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Балқан елдерінің делегациясы АХҚО жұмысымен танысты

2019 жылдың 29 қазан 2019 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында «Business Networking Summit» атты бірінші бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич пен Сараево қаласының мэрі Абдулла Скака, Босния және Герцеговина Сауда палатасының президенті Неманья Васич және Балқан маңы елдері бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстан тарапынан бизнес-форумға АХҚО, Тікелей инвестициялар қоры, «Атамекен» ҰКП және Kazakh Invest өкілдері қатысты.

АХҚО өкілдері делегация мүшелерін қаржы орталығының Соты мен Халықаралық Арбитраж орталығы, Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитет (AFSA), Биржа - Astana International Exchange (AIX), Экспат орталығының жұмысымен таныстырды.

Қазіргі уақытта АХҚО-ның заң шеңберінде 29 елден 280-нен астам компания тіркелген. Жиын барысында аталып өткендей Хорватия мен Босния-Герцеговина тарапынан тіркелуге қызығушылық бар.

Хорватияның бұрынғы президенті, қазір қоғам-саяси қайраткері әрі Сараево қаласының Құрметті азаматы Степан Месич қаржы орталығындағы халықаралық талаптарға сай сот жүйесі мен арбитраж орталығының маңызын баса атап өтті.




«Тәуелсіз Сот пен Халықаралық Арбитраж орталығы бар Қаржы орталығы – бизнестің жұмыс істеуіне оңтайлы болмақ» - деді ол.

Негізінен Босния және Герцеговина өкілдерінен тұратын делегацияға АХҚО-ның басым – ислам қаржыландыруы, қаржы технологиялары мен «жасыл» қаржы бағыттары таныстырылды.

Бұған қоса форум кезінде «Атамекен» ҰКП, Тікелей инвестициялар қоры, Kazakh Invest-тің әлеуеті туралы да айтылды.

Айта кетерлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.




Жоғары қарай