Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Баласына екпе салдырмаған ата-анаға жауапкершілік қарастырыла ма - министр жауап берді

2019 жылдың 17 қазан 2019 12:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баласына екпе салдырмайтын ата-аналар саны артып келеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл өте маңызды мәселе, көп жылдан бері талқылап келе жатырмыз. Әсіресе, екі жылдың ішінде халықпен көп талқылау болды. Қазіргі уақытта кодекстің жаңа жобасына осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Әрине, бұл мәселе тек осы нормамен шешілмейді. Өкінішке орай, екпеден бас тартқан ата-аналардың саны көбейіп тұр. Шындығын айту керек, қазіргі уақытта халықтың денсаулығына, экологияға байланысты медициналық қарсы көрсетілім саны артып келеді. Оған түрлі аллергиялар себеп. Ол балаларды да ойлаумыз керек. Неврологиялық науқас балаларға да екпе салынбайды», - деді Елжан Біртанов.

Оның дерегінше, қызылшамен ең көп ауырған балалардың, сондай-ақ өкінішке орай қаза тапқан балалардың көпшілігі екпе салдырмаған.

«Біріншіден, ата-аналар балаларының денсаулығын ойлауы тиіс. Екіншіден, басқа да балалардың, азаматтардың денсаулығы үшін (екпе салдырмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымға жіберуден) бас тартуымыз қажет», - деді ол

Министрдің айтуынша, жаңа кодексте баласына екпе салдырмаған ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

Жоғары қарай