Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Балаларына 5 млн теңге алимент төлемеген әке бір жылға сотталды

2022 жылдың 25 мамыр 2022 17:14

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі баласына бес жыл алимент төлемей жүрген 32 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған қалалық соты алимент төлеуден жалтарып жүрген әкені 1 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша анықтау департаментінің анықтау басқармасының тергеушілеріне жүктелген еді.

«1990 жылы туған Ч. есімді ер адам, бес жыл бойы екі кішкентай баласына алимент төлеуден жалтарып келген. Өзін қорғау үшін ол ресми кірісі жоқ екенін алға тартты. Сотқа дейінгі тергеп-тексерумен анықталғандай, күдіктінің ресми кірісі болған», - дейді Рустам Әбдрахманов.

Бүгінге дейін ер адамның балалары алдындағы қарызы 5,1 млн теңгені құрайды.

Сот шешімімен борышкер сот залында қамауға алынды.


Жоғары қарай