Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Балаларға арналған «Тәтті алма» әдеби жинағы жарық көрді

2019 жылдың 17 сәуір 2019 23:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Назарбаев орталығында «Тәтті алма» балалар әдебиеті жинағы мен веб-графикалық романдардан тұратын «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн-жобаның тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәтті алма» жинағының 1-2 томы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Мемлекеттік тілді дамыту қорына ана тілімізді дамыту бағытындағы жобаларға бөлген қаржысына 2015 жылы жарық көрген еді. Аталған жинақтың 3-4 томдарын шығаруға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры қолдау көрсетті.

Тұңғыш Президент қорынан мәлім еткендей, соңғы жинақтарға жақсылық пен әсемдік, табиғатқа деген қамқоршылық туралы ертегілер мен театрлық қойылымдар енген. Жинаққа енген барлық шығармаларды «Tattialma.kz» сайтынан және «Tattialma» мобильдік қосымшасынан оқуға болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған игі мақсаттарды жүзеге асыру аясында, қор қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани жетістіктерін дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастырып келеді.

Осыған орай, «Ұлы дала аңыздары» (Легенды великой степи) онлайн жобасы аясында веб-графикалық романдар сериясын әзірлеуді қолға алып, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Qazcomics.kz» веб-сайты мен мобильдік қосымшасы әзірленді.

«Ұлы дала аңыздары» жобасы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қазақ халқының тарихы мен аңыздары туралы сыр шертетін «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» және «Қазақ жерінің ұлы батырлары» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Аңыздар мазмұны Қазақстанның киелі орындарының тарихымен астасып жатыр. Әңгімелер арқауы көпшілікке киелі жерлер туралы толығырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда осы сериядан «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу» және «Жұмбақтас» туындылары жарық көрді.

Шараға ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары - Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев, белгілі қоғам қайраткерлері мен оқушылар қатысты.

Жоғары қарай