Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Балалардың кітап оқуын қолдау жылы 2023 жылға дейін ұзартылды

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылын 2023 жылға дейін жалғастыру шешімі қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар әдебиеті жылы аясында Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік тапсырыспен шығарған 40 кітапты таныстырған еді.

«Басылып шыққан әдебиеттердің 34-і – отандық қаламгерлер туындысы болса, алтауы – әлем балалар әдебиетінің аудармалары. Атап айтқанда, отандық танымал авторлар Ақселеу Сейдімбек, Герольд Бельгер, Несіпбек Айт, Шәкен Күмісбайұлы, Оразақын Асқар, Салықбай Әбділдәбек, Нағашыбек Қапалбекұлы, Серік Байқонов, Серік Қалиұлы, Заря Жұманова және басқа да талантты авторлардың шығармалары. Аударма әдебиет арасында жапон балалар әдебиеті де бар.

Осындай оң бастамаларды жалғастыру мақсатында Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылын 2023 жылға дейін жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл бастамалар балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің классикалық жазушылары – Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Сансызбай Сарғасқаев сынды бүгінгі күннің балалар әдебиеті жазушыларының қалыптасатынына ықпал ететініне зор сенімдеміз. Бүгін тұсауы кесілген жинақтар балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениеті мен белсенділігін арттырып, кітап оқу мәртебесін көтереді деп есептейміз», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы тұсаукесерде.

Кітаптар арнайы логотиппен және 120 мың тиражбен басылған және еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаларға таратылған.

Жалпы Балалар әдебиеті жылы аясында министрлік қоғамдық маңызы бар 168 әдебиетті 492 мың данамен басып шығарған және таратқан.


Жоғары қарай