Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бала құқығын қорғау: 287 оқушы волонтерлік жұмысқа тартылмақ

2021 жылдың 31 мамыр 2021 17:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 287 баланы іріктеп алып, ведомствоның өкілдері ретінде волонтерлік жұмысқа тартпақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғауға жас жеткіншектерді тартып отыр. Бұл туралы комитет төрағасы Есенғазы Иманғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Балалардың құқығын қорғаумен айналысатын қала, аудан деңгейіндегі 228 аумақтық комиссия бар. Былтырдан бастап әр өңірде Білім сапасын бақылау департаменттері директорының орынбасарлары тікелей балалардың құқығын қорғау мәселесімен айналысатын болды. 17 өңірде 17 маман тікелей жауапты деген сөз. Бұған қоса қорғаншылық және қамқорлық мекемелері бар. Осы салада 130-дан астап үкіметтік емес ұйым жұмыс істеп отыр. Балалардың құқығын қорғауға жауапты мамандар мен мекемелердің саны жеткілікті деп ойлаймын», - деді комитеті төрағасы.

Ол, сондай-ақ, өңірлерден іріктеп алынған 278 баланың қандай жұмысқа тартылатынын айтты.

«Жаңа енгізіліп жатқан жобаны атап өту керек. Балалардан комитеттің өкілдерін іріктеп алдық. 287 бала сайысқа түсіп, ең ширақ, ең беделді, ең алғыр балалар, көшбасшылық қасиеттері бар, балалар тартылды», - деді Есенғазы Иманғалиев.


Жоғары қарай