Бала құқығы жөніндегі омбудсмен Сәуле Айтпаева қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.