
ҚазАқпараттың шығарушы редакторы халықаралық мүшәйрада жүлдегер атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған ақын, сағыныштың символына айналған шайыр-жырау, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына арналған «Сарыкөбелек сағыныш» атты халықаралық жазба ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдина Думанқызы «Қытай дауысы» музыкалық жобасында Димаштың әнін орындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдағы танымалы өнер бәсекесінің бірі саналатын «Қытай дауысы» (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан қандасымыз Мәдина Думанқызы Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай Төрағасымен бірге «Дударайды» айтқан қазақ әншісі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі ғалым Григорий Потанинның қазақтың кең даласын аралап жүріп, «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп тамсана айтқан асыл сөзі бар. Сол айтқандай аспанында әні әуелеген, көл-көсір қазыналы өлкенің бір пұшпағы Қытай жерінде жатыр.

Қазақ қызы «Қытай дауысы» музыкалық жобасында сәтті өнер көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдағы танымалы өнер бәсекесінің бірі саналатын «Қытай дауысы» (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан қандасымыз Мәдина Думанқызы жарыстың алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNR сайтына сілтеме жасап.

Қытайда қазақ режиссері соңғы кездегі бюджеті қомақты телесериалды түсіріп шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің қаласында тұратын қандасымыз, жас режиссер Өркенбек Бейсенбайұлы Қытай елінде кино саласы бойынша жемісті еңбек етіп, талантымен жұртқа танылып жүр. ҚазАқпарат тілшісі Бейжің кинематография академиясының түлегі, талантты жас режиссер Өркенбек Бейсенбайұлмен жеке шығармашылық белестері туралы және биылғы жемісті шығармашылық жұмыстарының бірі, бюджеті 460 миллион юань (65 миллион 800 мың доллар) болған, 60 бөлімді «Нысанаға алу» атты телесериалдың түсірілімі жайында әңгімелескен еді.

Қытайдан күйші Сайраш Жармұхаметұлы құттықтайды: Өмірімнің мәні де, сәні де - домбыра
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақ елінде айтулы мереке – Ұлттық домбыра күні. Барша қазақ үшін ерекше осынау күнге байланысты қазіргі күнгі Алтай күйшілік мектебінің негізгі орындаушыларының бірі, Қытай елінде тұратын қандасымыз, белгілі күйші Сайраш Жармұхаметұлы өз құттықтауын жолдады.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай