Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бақытжан Сағынтаев жастардың Алматыдан неге кеткісі келмейтінін айтты

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 15:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жастардың неліктен Алматыда тұрақтап қалғысы келетінін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы – барлық салада жоғары білімі бар жастар қаласы. Мегаполисте орналасқан 39 университетте 170 мыңнан астам студент оқиды. Олардың қатарында еліміздің барлық аймақтарынан келген студенттер бар. Олардың басым бөлігі оқу бітіргеннен кейін Алматыда қалады. Біз мұны түсінеміз, 5 жыл оқыған Алматы қаласын тастап кету өте қиын. Бұл - махаббат пен бақыт қаласы. Болашақтың қаласы деуге де болады», - деді Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастарға пәтер кілтін тапсыру рәсімінде.

Әкімнің айтуынша, жастардың баспаналы болуға мүмкіндігі жоқ. Соныдықтан әкімдік арнайы бағдарлама әзірлеуде.

«Оқуды бітіргеннен кейін жастар жұмысқа орналасады. Отбасын құрады. Бірақ кейбіреулердің пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Бұл - жас мұғалімдер, дәрігерлер, жазушылар, ақындар және тағы басқа сала мамандары. Сондықтан болашақта бағдарламада жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, жазушыларға, ақындарға 100 пәтер бөлуді жоспарлап отырмыз», - деді әкім.

Еске сала кетейік, бүгін шаһар басшысы жұмыс істейтін жастарға пәтер кілтін табыстаған болатын.

Жоғары қарай