Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 12:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті алматылықтар! Биыл Қала күні сән-салтанатты түрде өтпейтін болып тұр. Барлық іс-шаралар онлайн өтеді. Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram – дағы парақшасында. Оның айтуынша, бұл кезең адамдарды жақындастырып, құндылықтарды өзгертіп, жақынымызға жанашыр, қамқор болуға үйретті.

«Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді. Қымбатты қала тұрғындары! Сіздерді Қала күнімен құттықтаймын! Әр отбасыға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Туған күніңмен, сүйікті қала»,– деп жазды шаһар басшысы.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Мәдениет, Әкім, Алматы,
Жоғары қарай