Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді

2021 жылдың 14 маусым 2021 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5000-нан 7500-ға дейін арттырды.

Бағдарламаның әлеуметтік маңызы жоғары екенін ескере отырып, осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен қосымша 20 млрд теңге бөлінетін болды.

12 сәуірден бастап 26 мамырға дейінгі аралықта банк сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданды.

Барлығы - 37 592 өтінім. Бүгін банк сайтында 16:00 нәтиже шықты. Оны ЖСН немесе өтінім нөмірі бойынша тексеруге болады.

Өтініштерді бөлу кезінде Сенат жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сондай-ақ «Нұр-Отан» партиясы жанындағы халықты жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ұсыныстары ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға басымдық беріледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі – тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер.

Бұл отбасылар аталмыш мәселелерді өз күшімен еңсере алмағандықтан, олар әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж.

Сонымен қатар, мұндай отбасында экономикалық мәселелер жиі кездеседі.

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларда материалдық қамсыздандыру деңгейі басқа отбасыларға қарағанда төмен.

Бұл бірқатар себептерге байланысты: жұмыстан мәжбүрлі түрде кету; қысқартылған жұмыс күнін рәсімдеу; жалақы жоғалтумен байланысты жұмысты мәжбүрлі түрде өзгерту; баланы емдеу және сауықтыру үшін ақысыз еңбек демалысын рәсімдеу; дәрі-дәрмектің тапшылығы; қосалқы техникалық құралдар мен арнайы құралдарды сатып алу, медициналық кеңесшілерге ақы төлеу және т.б. шығындар.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған өтінімдерді бөлу мына тәртіппен жүргізіледі:

1) «Мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша Банк сайтында берілген өтінімдер санының 100% мөлшерінде (4117 өтінім).

2) «Көп балалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көп балалы аналар) (2682 өтінім).

3) «Толық емес отбасы» (700 өтінім).

Негізгі тізімге енбеген үміткерлер резерв тізімге негізгі тізім жасалатын тәртіпке ұқсас тәртіппен енгізіледі.

Үміткерлер болмаған жағдайда, қатысу өтінімінің күші жойылған жағдайда, несиелендіруге қаражат болған жағдайда (соның ішінде босатылған / қайтарылатын) қаражаттың болуы, негізгі тізімдегі үміткерлердің несиелік өтінімі мақұлдаудан өтпеген жағдайда, бұл орынға резерв тізімдегі үміткерлер шақырылады:

«Көпбалалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналар), негізгі тізімдегі үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.

«Толық емес отбасылар» негізгі тізімдегі дәл осы «Толық емес отбасы» санатындағы үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.


Жоғары қарай