Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бақтияр Артаев: Генаның соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

2017 жылдың 4 қазан 2017 18:56

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Боксшы Бақтияр Артаев Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің арасындағы кездесудің тең түскеніне қуанғанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол мұны Ақтауда КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық боксшы Шоқыр Бөлтекұлына арналған Х халықаралық турнирдің ашылуына байланысты өткізілген кездесуде айтты.

«Гена мен Альварестің тең түскеніне қуанамын. Біреулер айтатын шығар, Бақтияр Генаны көре алмай жүр деп. Жоқ, көре алмай жүрген ештеңем жоқ. Генаның ұтылып қалмағанына қуандым. Өйткені бұзақы төрешілердің отырғанын көрген кезде жалпы солай болатыны белгілі болды. Негізі жекпе-жекті алып қоймағанына шүкір деу керек. Егер дөп тиген соққылардың балына сүйенсек, менің ойымша, Альвареске соққы көбірек тиген сияқты», - деді ол «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Бақтияр Артаев бокс рингінде 5 рет кездескен еді. Оның үшеуінде Головкин жеңген болатын .

Фото: confederation.kz

Рысгүл Рамазанова

Жоғары қарай