Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты

2020 жылдың 11 маусым 2020 17:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын босап шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сотталған Б. Майлыбаев жазасының өтелмеген бөлігі бойынша мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді. Сот өтінішті қарай отырып, оның заңмен белгіленген жазасын, мекеме әкімшілігінің оң мінездемесін, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын, ескерту алмағанын, 9 бірдей көтермелеуге ие болғанын, өзін ұстаудың үшінші оң деңгейін, жұмысқа тұру мүмкіндігінің барын, іс бойынша басқа арыздың жоқтығын назарға алды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 соты 2020 жылдың 14 мамырында Б.Майлыбаевтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Ол аяқталмаған 1 жыл 4 ай 21 тәуліктік мерзімінде пробациялық бақылауда болады», - деп хабарлайды соттан.

Сонымен қатар сот Б.Майлыбаевқа ішкі істер органдарына келіп есеп беріп тұруға, тұрғылықты жерінен кетпеуге және ауыстырмауға, жұмыстан тыс уақытта ішкі істер органдары рұқсат етпейтін орындарға бармауға, ҚР аумағынан тыс жерге бармауға міндеттеді.

Еске салсақ, 2017 жылғы 13 маусымда Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі, 185-бабының 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағанын мойындау туралы келісіммен сотқа келіп түскен Майлыбаев Бағлан Асаубайұлына және Галихин Николай Николаевичке қатысты қылмыстық істі қарап, сот үкімімен Б.Майлыбаев жоғарыда көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Сот,
Жоғары қарай