Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бағдат Мусин ауылдарға интернет тарту шараларын түсіндірді

2020 жылдың 16 қазан 2020 10:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет тарту жұмысы жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде бірінші кезектегі міндет - халықты интернетпен қамту. Бүгінде 6 459 елді мекеннің ішінде 118 қала мен 4 558 ауыл әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін 5 331 елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Телеком операторларымен бірігіп, интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бірінші жоба - бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы оптикалық интернетті шалғайдағы ауылдарға тарту», - деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, 944 ауыл қосылатын болады. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді.

«Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, сондай-ақ басқа технология бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді», - деді Б. Мусин.


Жоғары қарай