Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Бадам өзенінен 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды - Шымкент

2020 жылдың 1 маусым 2020 01:07

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Бадам өзенінен жас жігіттің мәйіті табылды. Марқұмның тұлғасын анықтау барысында оның 17 жастағы жасөспірім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай кеше түс ауа сағат 16:23-де орын алған. Тұрғындар Бадам өзенінен жас жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 3 адамы мен 1 техникасы, Абай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, 20 тәртіп сақшысы мен 6 техникасы, жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылған.

Кейіннен марқұмның қалаға қонаққа келген Төлеби ауданы, Ленгір қаласының тұрғыны екені белгілі болған. Алдын ала болжам бойынша ол байқаусызда суға құлап кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері ауа райының ыстық болуына байланысты тауларда қардың қарқынды еруі жүріп, Бадам өзенінде су көлемі көбейіп отырғанын айтады. Қазір өзендегі судың тереңдігі 2 метрге, ені 40 метрге жеткен.

Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.


Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Шымкент, Оқиға,
Жоғары қарай