Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бабақұмаров: Медұйымдардағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыру керек

2021 жылдың 22 ақпан 2021 22:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров медицина ұйымдарыың қадағалаушы кеңес төрағаларымен, бас дәрігерлермен корпоративті басқару және менеджмент деңгейін көтеру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста өткен жылдың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ Алматыдағы 63 медицина ұйымында құрылған қадағалаушы кеңес қызметінің осал жақтары қаралды.

Ержан Бабақұмаров бірқатар бағыт бойынша қадағалаушы кеңестердің жұмысын күшейтіп, сапасын арттыруды тапсырды. Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды және тәуекелдерді басқаруды жақсартады.

Қадағалаушы кеңестердің міндеті медицина ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.

Қадағалаушы кеңестердің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров олардың корпоративті басқаруға қосқан үлестерін дер кезінде бағалауды тапсырды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай