Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 21:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сегіз күні ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 800 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 пандемиясына байланысты БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау шараларына байланысты автокөлік қозғалысы шектелді. Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдарының көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды», - деді министрліктен.

Мәлім етілгендей, бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды.

«Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды», - деп қосты ведомстводан.








Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: ҚР СІМ, Коронавирус,
Жоғары қарай