Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Азық-түлік өнімдерін сертификаттау саласында аккредиттеудің жаңа бағыты енгізілді

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 12:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа бағыттарын енгізіп отыр. Стандарттау және аккредиттеу саласындағы жаңашылдықтар туралы онлайн брифинг барысында Алматы Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдігінің басшысы Виктор Томасевич айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа схемаларын енгізу үшін агроөнеркәсіптік кешен, медицина және менеджмент жүйесі саласында жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл осы салаларда жыл сайын көрсетілетін қызметтердің өсуіне байланысы және соған қарай сәйкестікке бағалау жүргізу қажеттілігі туындайды.

«Сауда орталықтары мен дүкендердегі сөрелерде «Халал» таңбасы бар өнімдер өте көп. Өнімге таңбалауды «Халал» сертификаттау жөніндегі органдар салады. Кейбір жағдайларда өндірушілердің өзі ұқсас белгіні қояды. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі ұлттық стандарт қабылданды, бірақ сертификаттау органдарын үйлестіру үшін заңнаманың болмауына байланысты ел аумағындағы кез келген кәсіпорын өздерінің білімі мен іскерлігін негізге ала отырып, «Халал» стандарттары бойынша жұмыс істей алады», деп хабарлады Виктор Томасевич.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда «Халалды» үшінші тараптың растауынсыз дербес сертификаттауды жүзеге асыратын бес ұйым бар екенін жеткізді.

«Біз аккредиттеу үшін әлеуеті бар зертханалық базаға шолу жасадық. Қазіргі уақытта аккредиттелген субъектілер тізілімінде 175 зертхана бар, олар Кедендік Одақтың (ТР КО 021/2011) 021 техникалық регламенті және тамақ өнімдерін сертификаттаудың 49 органы бойынша тамақ өнімдеріне талдау жүргізеді. Аккредиттелген зертханалар арасында 37 зертхананың ДНҚ-ны сәйкестендіру үшін талдау жүргізу мүмкіндігі бар», - толықтырды спикер.

Оның айтуыша, оганикалық өнім саласы да маңызды. Біздің елде органикалық өнім өндіріледі, бірақ оны сертификаттауды шетелдік органдар жүзеге асырады. Қазір Қазақстанда аталған өнімді бағалау жүйесі құрылып жатыр.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Азық-түлік, Заң, Экология,
Жоғары қарай