Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Азық-түлік бағасына мониторинг жасау: 2175 өтініш түсті

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баға мәселесі бойынша құрылған «жедел желіге» 2175 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шағымдар 2022 жылғы 8-19 қаңтарда ірі сауда желілері мен супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, автогаз, бензин, дизель отыны және такси қызметтері мен агрегаторлары қызметтеріне негізсіз жоғары бағаға байланысты түскен.

Азаматтардың барлық өтініштері қаралып, монополияға қарсы орган өз құзыреті бойынша жұмысқа қабылдады, бірқатар өтініштер жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті органдарға берілді.

2022 жылғы 19 қаңтардан бастап, елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «жедел желі» жүйесінің жұмысы аяқталды.

Азаматтардың одан әрі өтініштері заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.


Жоғары қарай