Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Азиядағы қауіпсіздік мәселесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі пайдалы әрі қызық– Путин

2019 жылдың 3 қазан 2019 20:34

СОЧИ. ҚазАқпарат – Азиядағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мәселесінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі пайдалы әрі қызық. Бұл жайында Ресей Президенті Владимир Путин Сочиде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі елдің көшбасшыларының кездесуі «Валдай» Халықаралық пікірталас клубының XVI жылсайынғы отырысы алаңында өтті. В.Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа клубтың отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

«Ұзақ жылдарын дипломатиялық қызметке арнаған адам ретінде Сіздің пікіріңізді білу біз үшін өте қызықты болар еді. Сіз бұл салада кәсіби мамансыз. Бүгінгі халықаралық аренадағы жағдайға, әсіресе, қауіпсіздік саласына байланысты Сіздің пікіріңіз біз үшін өте пайдалы әрі қызық », - деді В.Путин.
Жоғары қарай