Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Азия чемпионаты: Тоғыз боксшы жартылай финалға шықты

2019 жылдың 23 сәуір 2019 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының күндізгі бөлігінде қазақстандық 6 спортшы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін құрлықтық додада қазақстандық 10 боксшы сынға түскен еді. Олардың қатарынан жігіттер арасында екі боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Закир Сафиуллин (60 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) кем дегенде қола медальге қол жеткізе алады.

Одан кейін жартылай финалға Василий Левит (91 келі) жартылай финалға шықты. Қазақстандық былғары қолғап шебері ирактық Мохаммед Рабеаны тізе бүктірді.

Қыздар құрамасында қатарынан үш боксшымыз қарсыласына есе жіберіп қойды. Дина Жоламан (54 келі) қытайлық қытайлық Шуан Шиге, Римма Волоосенко (60 келі) үндістандық Лаишрам Девиге, Ақерке Бақытжан (75 келі) қытайлық Ли Шианға жеңіліп қалды.

Айта кетерлігі, кеше қазақстандық бірқатар боксшы ширек финал ойындарын өткізді. Олардың арасында Теміртас Жүсіпов (49 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі) жартылай финалға жолдама алса, Қайрат Ерәлиев (56 келі), Алуа Балқыбекова (48 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды. Одан бұрын Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Әнуар Мұзаппаров (52 келі) жарыс жолынан шығып қалған еді.

Жеребе нәтижесімен Фариза Шолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бірден жартылай финалда сынға түсетін болған еді. Осылайша әзірге қазақстандық 9 боксшыға жартылай финалда сынға түсуге мүмкіндік туып отыр.

Естеріңізге сала кетелік, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17.00-де басталатын кешкі сессияда Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбек Бобо-Усмон Батуровпен, Назым Қызайбай (51 келі) үндістандық Заин Нихатпен, Милан Сафронова (64 келі) жапон Аяка Тагучимен, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) иорданиялық Одай Альхивдавимен жекпе-жекке шығады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай