Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Әзербайжанда карантин шаралары қайта күшейтілді

2020 жылдың 5 маусым 2020 09:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжанда коронавирусты жұқтыру жиелеп кеткендіктен карантин шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың шешімі бойынша осы аптада сенбі және жексенбі күндері үйден шығуға тыйым салынады. Бұл күндері барлық мекемелер жұмыс істемейді, қоғамдық көлік пен автомобильдер жүрмейді. Бұл науқастар саны күрт артқан Баку, Сумгаит, Гянжа, Лянкоран қалалары мен Апшерон ауданына қатысты шектеу. Тек дәрігерлер мен маңызды салалардың мамандарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мамыр айында Әзербайжанда карантин тәртібі жеңілдетілгеннен кейін коронавирусты жұқтыру саны тым өсіп кетті. Соңғы антирекорд 3 мамырда тіркелді. Бұл күні 325 науқас анықталды.

«Науқастар саны күрт өсті. Осы ретте біз 6 және 8 маусым аралығында Баку, Сумгаит, Гянжа, Лянкаран қалалары мен Апшерон ауданында қатаң карантин тәртібін енгізетін болдық. Бұл шаралардың барлығы азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Сондықтан ауру өршісе қатал шаралар елдің өзге қалалары мен аудандарында да қабылдануы мүмкін»,-дейді Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов.


Басты сөздер: Медицина, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай