Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжанда карантин режимі 1 шілдеге дейін созылды

2020 жылдың 10 маусым 2020 07:28

БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – Елдегі коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайды және соңғы күндері індет жұқтырғандар санының күрт өскенін ескере келе Әзербайжанда карантин режимі 1 шілдеге дейін созылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинеті жанындағы шұғыл штабтың мәліметінше, Әзербайжанда 8191 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Қазіргі таңда 3487 науқас ауруханада ем алып жатыр.

Соңғы уақытта Евлах, Исмаил, Кюрдамир және Сальян аудандарында ауру жұқтыру фактьілері жиілеп кетті. Індеттің таралу қарқынын төмендетіп, оның салдарын барынша азайту үшін Баку, Гянджа, Лянкяран, Сұмғайыт қалаларында, сондай-ақ Абшерон, Евлах, Исмаил, Кюрдамир және Сальян аудандарында 14 маусым сағат 00.00 бастап 1 16 маусым таңғы 06:00 дейін қатаңдатылған карантин режимі енгізіледі.

Осы уақыт аралығында аталған аймақтарда түрлі салалардың және қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды. Өңір тұрғындары басына қауіп төнбесе немесе жедел медициналық көмек керек болмаса, үйінен шықпауы тиіс.

Бұл аймақтарда тек Министрлер кабинеті белгілеген мемлекеттік органдар, әскери және құқық қорғау органдары, ауруханалар, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер, коммуналдық қызметтер, байланыс, су, телерадиотарату, темір жолда, теңізде және әуеде жүк тасымалдау, нан пісіру және штаб бекіткен басқа да ұйымдар ғана жұмыс істейді.


Жоғары қарай