Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжанда бірқатар карантин шаралары жеңілдеді

2020 жылдың 15 мамыр 2020 20:28

БАКУ. ҚазАқпарат — Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штабтың мәліметінше, ерекше карантиндік режим аясында қолданылатын шектеулердің тағы бір бөлігін жеңілдету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Сондай-ақ, қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан 18 мамырдан бастап Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран қалалары мен Абшеронск ауданында:

- SMS арқылы, icaze.e-gov.az порталына тіркелу арқылы немесе жұмыс орнынан анықтама арқылы үйден шығуға рұқсат алу жүйесі жойылады;

- саябақтарға және демалыс орындарына баруға қойылған шектеу жойылады;

- мейрамханалар, дәмханалар және барлық тамақтану орындары 08:00-18:00 аралығында қызмет көрсетеді;

Сондай-ақ, 18 мамырдан бастап Әзербайжанның барлық аумағында:

- музейлер мен көрме залдарының қызметі қалпына келтіріледі;

- 65 жастан асқан адамдарға үйден шығуға салынған тыйым күшін жояды.

Қазіргі уақытта ерекше карантин режимі кезінде елде мынадай шектеулер қала береді:

- жүк көліктерін қоспағанда жер және әуе қатынасы арқылы елден кіруге және шығуға;

- Баку және Сумгайыт қалалары мен Абшеронск ауданынан, сондай-ақ Гянджа және Лянкяран қалаларынан шығуға және кіруге;

- басқа қалалар мен елдің басқа аудандарынан жер және әуе қатынасы арқылы жолаушылар тасымалдауға;

- барлық білім беру мекемелеріндегі оқу ісі;

- жерлеу рәсімін қоспағанда діни қызметтерді өткізуге, залдарда, палаткаларда ас беруге және ұйымдастыруға;

- той жасауға;

- мәдени-спорттық шараларға;

- ойын-сауық орталықтарының жұмысына;

- кинотеатрлар, театрлар, спорт залдардың қызметіне;

- ел аумағындағы ірі сауда орталықтарының жұмысына;

- медициналық мекемелердегі науқас туыстарға баруға;

- сауықтыру және спорт қызметтерін көрсетуге;

- массаж жасауға тыйым салынады.


Авторы Бекбау Тайманов
Басты сөздер: Коронавирус, Әзербайжан,
Жоғары қарай