Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжанда 5 шілдеге дейін карантин шаралары күшейтіледі

2020 жылдың 21 маусым 2020 16:02

БАКУ. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 00:00-ден бастап Әзербайжанда карантин шаралары күшейтілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әзербайжанда коронавирус инфекциясының жылдам таралуын алдын алу мақсатында Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран, Евлах, Масаллы, Джалилабад қалалары және Абшерон ауданында арнайы карантин режимі күшіне енеді.

Әзербайжанның министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың хабарлауынша, тиісті қаулыға 19 маусым күні елдің Премьер-Министрі Әли Асадов қол қойған.

Арнайы карантин режимі аясында бүгінгі күннен бастап 5 шілдеге дейін Әзербайжанда ірі сауда орталықтары (азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды есептемегенде), қоғамдық тамақтану нысандары, мұражайлар мен көрме залдары, шаштараз, сұлулық салондары, білім мекемелері (онлайн-емтихан, байқау, интервьюді санамағанда) жабылып, ашық ауада спорттық шаралар мен ойындар өткізу тыйым салынады.

Адамдар тұрғылықты жерінен тек қандай да бір кестемен немесе жедел медициналық жәрдем алу мақсатында, азық-түлік және қажетті заттар мен дәрі-дәрмек сатып алу және банк, пошта және басқа қызмет түрлерін пайдалану, жақын туыстарының жерлеу рәсіміне қатысу үшін ғана шыға алатын болады.


Жоғары қарай