Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанда 100 килограмнан аса есірткі тәркіленді

2021 жылдың 12 қазан 2021 20:20

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметінің «Гектепе» шекара жасағы мен Жағалау күзеті бөлімшелерінің қызметкерлері Ираннан Әзербайжанға жіберілген 102 килограмм есірткі затын, психотроптық және күшті әсер ететін дәрі-дәрмекті тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тренд сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, 11 қазан күні Билясувар ауданының осы тектес ауылына баратын бағыттағы мемлекеттік шекара маңайында 19 килограмм есірткі заты, психотроптық және күшті әсер ететін дәрі-дәрмек табылып, тәркіленген.

Одан бөлек, сол күні сағат 20:40 шамасында шекара қызметі шекара бекетінің қызметтік учаскесінде Ираннан келген үш белгісіз адамның Әзербайжанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткенін анықтаған. Шекара қызметі қолында спорт сөмкесі бар адамды ұстады, алайда қалған екі күдікті қолындағыларын тастап кері қарай өтіп, жасырынған.

Ұсталған адам Иранның азаматы Шамхугаддам Джафар Хасан (1988 жылғы) болып шықты. Тексеру кезінде шекара қызметі оның сөмкесі мен түйіншектерден 35 килограмм есірткі затын, психотроптық және күшті әсер ететін дәрі-дәрмек тәркіледі.

Сонымен қатар 12 қазан күні Әзербайжанның Шекара қызметінің күзетші кемесі теңізден күмәнді түйіншекті байқады. Тексеріс кезінде 47 килограмм есірткі заты, психотроптық және күшті әсер ететін дәрі-дәрмек табылды.

Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр деп хабарланды.

Еске сала кетейік, бұл 2021 жылдың басынан бергі осындай бірінші жағдай емес. 20 қыркүйек күні Әзербайжанның Билясувар кедендік бекетінде «химикаттар мен құрғақ қоспаларды» Ираннан Латвияға тасымалдаушы жүк көлігі кедендік тексеріске түсті. Қызметтегі ит жүк көлігінің тіркемесіне қарай үре бастады, соған байланысты егжей-тегжайлі тексеріс болды. Нәтижесінде 10 литрлік 105 металл құтыдан сұйық пішінде героин сақталған пакеттер табылды. Тәркіленген героиннің салмағы 527,6 килограмм болды.

Одан бөлек, 14 маусым күні Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі Иранмен ортақ шекарада 154,5 килограмм есірткі тәркіленгені туралы мәлімдеді.


Жоғары қарай