Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әзербайжан түрмелеріндегі қарт адамдар рақымшылыққа ілінді

2020 жылдың 7 сәуір 2020 22:20

БАКУ. ҚазАқпарат— Бүгін Әзербайжан президентінің 6 сәуірдегі «Тұтқындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы» бұйрығына сәйкес сотталған азаматтар түрмеден босатылып жатыр. Жалпы тізімде 65 жастан асқан 176 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған құжатта әлемде коронавирус инфекциясының тарағанына байланысты денсаулығы мен жасын ескере отырып ерекше күтімді қажет ететін 65 жастан асқан азаматтарды босату туралы шешім қабылданғаны айтылған. Шешім шығару барысында олардың денсаулығы, жазасын өтеу кезіндегі тәртібі негізге алынған.

Жалпы 176 адам бостандыққа шығады. Олардың екеуі өмір бойына сотталған азамат (бірі 20 жылын, екіншісі 25 жылын өтеген), жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыс жасаған 25 адам бар.

Сондай-ақ, бұл тізімге таратылған Ұлттық қауіпсіздік министрлігі Энергетика және көлік қауіпсіздігі бас басқармасының бұрынғы бастығы генерал-майор Акиф Човдаров, Трансұлттық экономикалық қылмыспен күрес басқармасының экс-бастығы генерал-майор Субахир Гурбанов және Әзербайжан Ислам партиясының атқарушысы Фарамаз Аббасов ілінген.


Басты сөздер: Әзербайжан, Коронавирус,
Жоғары қарай