Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Әзербайжан парламентін алғаш рет әйел басқарады

2020 жылдың 10 наурыз 2020 17:01

БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат - Алтыншы шақырылған Әзербайжанның Милли Меджлисінің бірінші отырысында Парламент төрағасы болып Сахибу Али гызы Гафарова сайланды, деп хабарлайды ӘЗЕРТАДЖ агенттігі.

Оның кандидатурасын «Жаңа Әзербайжан» басқарушы партиясы ұсынды, оның өкілдері 9 ақпан күні өткен кезектен тыс сайлауда заң шығарушы органға 125 мандаттың 70-ін жеңіп алды.

Гафарованы қолдап 116 депутат дауыс берді. Айта кеткен жөн, тәуелсіздік алған жылдар ішінде ел парламентін алғаш рет әйел басқарып отыр.

Бұған дейін Гафарова Милли Меджлистің төртінші және бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды. Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында Әзербайжан делегациясының құрамына кірді.


Басты сөздер: Әзербайжан, Парламент,
Жоғары қарай