Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжан Қазақстандағы мембасқару жүйесін жаңғырту тәжірибесін зерделеп жатыр – депутат

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 14:20

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты, Әзербайжан Президенті жанындағы басқару академиясы Саяси зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Эльман Насиров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Депутаттың айтуынша, ҚР Президентінің биылғы Жолдауында Мемлекет басшысының іс-әрекетінің қисыны мен дәйектілігі анық байқалады. Бұл Елбасы саясатының сабақтастығына да, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке стратегиялық және тактикалық әрекеттеріне де қатысты. Әзербайжанды Мемлекет басшысының пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға, аймақтық саясатты жетілдіруге, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және тағы басқаларға бағытталған бастамалары қызықтырады.

«Біз Қазақстан Президентінің пікірін қолдаймыз, өйткені қазіргі әлем жаһандану кезеңін бастан кешуде. Қазіргі уақытта, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «әрбір азамат Тәуелсіздіктің жемісін көріп, ең бастысы - бейбіт өмірді бастан кешіруі тиіс...», - деп атап өтті Э.Насиров.
Парламент мүшесі Жолдауда экономикалық дамудың нақты перспективалары анықталған деп есептейді. ҚР басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық мақсатты - Орталық Азиядағы жетекші рөлді күшейтіп, Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайтуды атап өтті.
«Экономика бір орнында тоқтап тұрған жоқ. Нарыққа болжай алмайтын түрлі факторлар ықпал етуі мүмкін. Мысалы, пандемия. Мұндайда экономистердің рөлі орасан зор. Бұл мәселелерді шешуде ғылыми тәсілді де қарастырған дұрыс», - деді ол.
Депутаттың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз су, транспорттық инфрақұрылым, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қорды пайдалану мәселелеріне баса назар аударған.
«Қазақстан Президентінің Биылғы Жолдауын құжат ретінде ғана емес, Үкіметтің жұмысын жобалау, жоспарлау құралы ретінде қарауға болады», - деп бөлісті спикер. Әзербайжагдық депутаттың пікірінше, басты қағидасы – мемлекеттік аппарат азаматтардың мүддесіне жұмыс істеу болып саналатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының өзектілігін анықтайтын саяси модернизация бойынша ұсыныстар да қызықты.
«Заманауи әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы – цифрландыру. Қазіргі заманғы технологиялар трансферті, индустрия элементтерін енгізу Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі елдерге, соның ішінде Әзербайжанға да маңызды», - деп түйіндеді Э.Насиров.


Басты сөздер: Әзербайжан, Түркі елдері,
Жоғары қарай