Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы талқыланды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 21:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Кеңеске облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар құқықтық реттеу құралдарын нығайтуға және жетілдіруге, азаматтық белсенділікті қолдауға және дамытуға бағытталған құжатты қарады, атап айтқанда жобада қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін, әдістері мен жолдарын сапалы жақсарту жөнінде шаралар қабылдау көзделген. Айта кетейік, құжат жобасы 5 негізгі бөліктен тұрады және 46 іс-шараны қамтиды.

Жоспармен жан-жақты танысып шыққан қатысушылар енгізілген тармақтардың дер кезінде қабылданғанын атап өтіп, осы бағыттағы министрліктің бастамаларына қолдау білдірді.

Сонымен қатар, талқылау барысында «Қазақстан медиаторлары қауымдастығының» директоры Жанділда Жақыпов Қазақстандағы медиативтік саясаттың одан әрі дамуына ерекше назар аударды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Елена Митрофанова өз сөзінде азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайтуға, Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғамды тартуға қатысты мәселелерді атап өтті.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті - Бану Нұрғазиева азаматтық қоғамды сапалы құжат қабылдау мақсатында белсенді талқылауға шақырды.

Кеңесті қорытындылай келе, азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.

Осы орайда, іс-шаралар жобасының жоспарын мемлекеттік органдар деңгейінде талқылау да жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың және мүдделі азаматтардың барлық ұсыныстары Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында сөзсіз көрініс табады.


Жоғары қарай