Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі

2020 жылдың 21 қараша 2020 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қосты деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты ашылғандығы туралы ақпарат фейк болып табылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боты іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұрамайды.

«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз. Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай