Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Азаматтар дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеру фактілерін әшкерелей алады

2020 жылдың 9 шілде 2020 15:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтар дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеру фактілерін әшкерей алады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайда дәрілік заттарға бағаны әдейі көтеру, сондай-ақ жасанды тапшылықтың пайда болуы, ауруханаларда төсек орындарының болмауы байқалады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық жағдайларын жою тапсырмасын орындау үшін еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс топтары жұмыс істеуде. Олардың құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің, арнайы мониторинг топтардың мүшелері, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», - деді ол агенттіктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, аталған жұмыс топтары әлеуметтік желілерге және сайттарға тапшы дәрілік заттарды сату және бағаны көтеру бойынша хабарламаларға, ауруханаларда халық үшін жасалған жағдайларға қоғамдық мониторинг жүргізіп отыр. Сондай-ақ дәрі-дәрмекті сақтау және сату орындарын да тексеріп жатыр.

«Халықпен кері байланыс орнату үшін 8 702 000 2494 WhatsApp нөмері жұмыс істейді. Оған азаматтар дәрі-дәрмектің бағасын көтеру фактілері бойынша фото және бейне материалдарды жібере алады. Аталған нөмірден бөлек өңірлерде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшыларының телефондары жұмыс істейді. Бұл нөмерлердің барлығы тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн қағидаты бойынша әрекет етеді. Азаматтардың жолдаған әрбір фактісі тексеріліп, бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады», - деді Ғанижан Асанұлы.


Жоғары қарай