Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы жазғы демалыспен қамтылады

2022 жылдың 17 мамыр 2022 14:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл еліміз бойынша мектеп оқушыларының 81,3 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сәйкес, биыл мектеп жасындағы балалардың 81,3 пайызы жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 236 қала сыртындағы лагерь, 11 мыңға жуық мектеп жанындағы және 930-ден астам шатырлы лагерь жұмыс істейді», - деді Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.

Комитет басшысының айтуынша, биыл жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны өткен жылға қарағанда 800 мыңға артық.

«Биыл аз қамтылған отбасы балаларының 61 пайызы, ерекше қажеттілігі бар балалардың 64 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Сонымен қатар білім саласында түрлі жетістіктерге жеткен балалардың 78 пайызы лагерьлерге жіберіледі. Одан бөлек, 2 млн 564 мыңдай баланы жазғы еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 86 966 құрылыс отрядына, орман және көгалдандыру жұмыстары мен аула клубтарына жұмысқа тартылады. Сол сияқты дебат және қосымша білім орталықтарында еңбектенеді», - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін БҒМ өкілі елімізде жазғы лагерлердің жетіспеушілігі мәселесін көтерді.


Жоғары қарай