Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Айжан Есмағамбетова: Өңірлік ведомствоаралық штаб елді мекенде карантиндік шараларды күшейте алады

2020 жылдың 4 шілде 2020 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңірлік ведомствоаралық штаб елді мекенде карантиндік шараларды күшейте алады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес. Өңірлер арасындағы әуе қатынасы бұрынғы деңгейде қалады. Әуе рейстерінің бағыттары мен жиілігі артпайды. Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау қысқартылады. Қаламаңы қатынасы және жалпы вагондарды жасақтау тоқтатылады. Қалааралық автобустармен тасымалдау тыйылады», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қатаң шектеу шараларын іске асыру кезінде жағдайға тұрақты мониторинг және қабылданатын шаралардың тиімділігіне бағалау жүргізіледі.

«Бұл ретте нақты өңірдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, ведомствоаралық штабтардың шешімімен елді мекендерде карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін, - деді Айжан Есмағамбетова.


Жоғары қарай