Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Айзат Молдақасымова Ғылыми орталық директоры қызметіне қабылданбады

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 19:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А. Молдақасымова сынақ мерзімінде өзін көрсете алмауына байланысты 14 қыркүйекте қызметінен босатылды.

«2020 жылдың 3 маусымында Айзат Молдақасымова Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры болып қабылданды. Алайда, 1 шілдеден қыркүйектің ортасына дейін Молдақасымова уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болды. 14 қыркүйек күні онымен еңбек шарты бұзылды. Ол өзін сынақ мерзімінде көрсете алмады»,– деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

Айзат Молдақасымова 2017 жылдан бастап Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері болып қызмет етті.

Еске салайық, биылғы сәуір айында Алматыда Орталық клиникалық қалалық аурухана дәрігерлері арасында жаппай коронавирус инфекциясы тіркелген болатын. Алайда, А.Молдақасымова медицина мамандарының өзін санитарлық нормаларды сақтамады деп айыптады. 18 сәуірде Бас санитарлық дәрігер қызметінен босатылды.

Ал маусым айында ол Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ұлттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалғаны хабарланды.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Аймақ, Алматы,
Жоғары қарай