
АҚШ vs Қытай: Технологиялық текетіресте кім жеңеді - БАҚ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай 5G саласында көш бастап тұр, дегенмен әзірге АҚШ-тың бірнеше салада басымдығы бар. Геосаяси үстемдік технологиялардағы прогреске байланысты болып тұрған қазіргі заманда АҚШ алда келе жатыр. Америкалық компаниялар әлемдегі ең жылдам компьютерлерді жасайды, ең қабілетті роботтарды шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы әлемдік тәртіпті өзгертеді - The Wall Street Journal
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы аяқталғаннан кейін көптеген мемлекеттердің институттары сәтсіздікке ұшырағанын мойындайды. Бұл түcінік қаншалықты объективті екені маңызды емес. Коронавируc пандемиясынан кейін бүкіл әлем енді бұрынғыдай болмайды, деп жазады АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер The Wall Street Journal газетінде жарияланған мақаласында.

50 жастан асқандарда коронавирус жұқтыру қаупі басым – зерттеу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус жұқтырғандар арасында жалпы өлім көрсеткіші 1,38% пайызды құрайды және бұл адамның жасына байланысты артып отырады. Яғни, 10 жасқа дейінгі балалар арасында өлім көрсеткіші 0,0016% болса, 80 жастан асқандарда 7,8%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Коронавирус жаһандануға қалай әсер етеді – ВВС
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандану – соңғы 25 жылдағы ең сәнді сөздердің бірі болды. Жаһандану - халықаралық бизнестің масштабы мен жылдамдығы. Бұл соңғы он жылда жоғары деңгейге көтерілді. Жеңіл саяхат, бүкіләлемдік желі, сауда келісімдері, жаңа, жылдам дамып жатқан экономика әлемнің келесі түкпірінде болып жатқан жағдайларға тәуелді жүйеге алып келді, деп жазады ВВС.

Уханьда медициналық қалдық алты есе артты – The Wall Street Journal
УХАНЬ. ҚазАқпарат - Уханьда медициналық қалдық алты есе өсіп, билік қалдықты қайта өңдеуге арналған ондаған орын ашты. Қытай шенеуніктері 29 қаладағы медициналық қалдық өңдейтін орындар үздіксіз жұмыс ітеп жатқанын айтты. Енді АҚШ Қытайдың осы тәжірибесін бақылауға көшті, деп жазады The Wall Street Journal.

The Wall Street Journal: Үйден жұмыс істеудің артықшылықтары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс кеңседен үйге ауысқан кезде, жағдай да өзгереді. Мұндай кезде жұмыс өнімділігі мен денсаулықты сақтап қалу үшін не істеу керек? Осындай сұрақтарға қатысты тәжірибелі фрилансер өз кеңесін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр - Gazeta Wyborcza
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қолды жиі жуу? Жер шарының екі миллиард тұрғыны суға қол жеткізе алмай отыр. Әлеуметтік қашықтық? Босқындар лагерлерінде 70 млн адам бар. Маска? Маска бай мемлекеттердің өзінде жетіспей жатыр. Босқындар медициналық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Ал Еуропа тек қана өз қамын ойлауда. Коронавирус моральдық нормаларды өзгертіп жатыр», деп жазады Польшаның танымал басылымы Gazeta Wyborcza.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай