Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Айгүл Сәдуақасова: Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры». Мұндай пікірді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Көпэтносты Қазақстан халқы үшін бұл тұғыр этносаралық, конфессияаралық татулықты сақтап қалу мәселесі сынды өте маңызды екені сөзсіз. Қазақстандағы басты стратегиялық ресурс этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік деп білеміз. 90-шы жылдардың саяси-экономикалық жағдайы демократияға бет алған Қазақстан үшін қауып-қатерлерге толы болды. Ең басты қауып-қатерлер – этносаралық қақығыстар мен дау-жанжалдар. 100-ден астам этнос өкілдері мекен еткен ел бір сәтте тоқырауға ұшырауға әбден мүмкін еді. Бұдан сақтап қалатын тек бір жол болды, ол – бірік пен келісім қағидаттарынан бір қадам да ауытқымау», - деді ол Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» сараптамалық дөңгек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, осы жолда анық саясат жүргізу мақсатында егемен елдің Ата заң ережелерінде барлық азаматтардың тең құқықтары, еркіндік пен жауапкершіліктері бекітілді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, доктриналар мен бағдарламалар, сондай-ақ оларды іске асыру аясындағы іс-шаралар қоғамдағы этносаралық қатынастарды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Этникалық сұрақтарады саясиландырмау үшін заңды түрде этникалық негізде саяси партияны құруға тиым салынды. Бұл қадам да келісім мен бірлікке өз үлесін қосты.

«Біздің бірлігіміз әралуандықта. Полиэтностық даму үшін ресурс ретінде үлкен әлеуетке ие. Қазіргі әлем мүлдем басқа, көп мәдениетті. Бұл әртүрлілікте әр мәдениеттің, елдің өзіндік келбеті мен ерекшелігі бар. Қазақстан елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және рухани процестеріне белсенді қатысатын көптеген этнос өкілдері үшін Отан болып отыр. Бүгінде оларда өз тілін, мәдениетін үйренуге көптеген мүмкіндігі бар. Әрине, әр ұлт өзін-өзі дамытуға, ұлттық бірегейлікті, тілді, мәдениетті сақтауға тырысады. Екінші жағынан, қазіргі әлемдегі ұлттардың өзін-өзі дамытуы олардың тығыз өзара әрекеттесуінсіз, ынтымақтастықсыз, мәдени құндылықтармен алмасусыз және өзара тиімді байланыссыз мүмкін емес екенін түсінуіміз қажет. Интеграция тенденциясы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты күшейе түсуде. Бұл тенденциялар бір-бірімен әлдеқайда байланысты екенін есте ұстаған жөн»,- деді Айгүл Сәдуақасова.


Жоғары қарай