Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Айдос Сарым: Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық – абсолютті құндылық

2022 жылдың 19 наурыз 2022 14:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық – абсолютті құндылық. Бұл туралы Алматыда Президенті ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өткен митингте Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«AMANAT» партиясы қоғамның саяси модернизациясының басында тұруы тиіс. Ашықтық, әділдік пен халық үніне құлақ асу – партия жұмысының жаңа қағидаты. Қазіргі таңда бірлікке шақыру популизм емес, қажеттілік. Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық – абсолютті құндылық. Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді әріптестікке, бірге жұмыс істеуге, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамыз», -деді депутат.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек «Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы. Біз партия мен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың жаңа мәдениетін қалыптастырамыз.




«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі таңда жүзеге асырып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытының негізгі принциптері – сабақтастық, әділеттілік және прогресс болды. Мемлекет басшысының ұстанымына айналған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді нық қадамы»,-деді Саясат Нұрбек.


Жоғары қарай