Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Айдос Сарым мен Ерлан Саиров «Birgemiz» қоры қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

2020 жылдың 2 сәуір 2020 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Айдос Сарым мен Ерлан Саиров «Birgemiz» қоры қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қамқоршылық кеңесінің жаңа мүшелерін таныстыра келе, Айдос Сарым мен Ерлан Саировтың Президент жанындағы қоғамдық сенім кеңесінің беделді мүшелері және белгілі қоғам қайраткерлері екенін атап өтті.

«Айдос Сарым - Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі. Ол «Бақытты отбасы - Алматы» қорының жұмысын ұйымдастыруға белсене араласты және осы қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде көпбалалы аналарға материалдық көмек көрсетуде әкімдікке жәрдемдесті. Оның мол тәжірибесі жаңадан құрылған қор үшін аса бағалы. Ерлан Саировқа келер болсақ, ол әрқашан біздің партиямыздың әлеуметтік бастамаларына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Жақында ғана ол ерікті ретінде пандемия жағдайында мұқтаж адамдарға азық-түлік жеткізуге қатысты. Біз оның осындай адамгершілік қасиетін де жоғары бағалайыз», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, ол қордың қызметіне азаматтық қоғамның беделді өкілдерінің қатысуы, оның тиімділігі мен транспаренттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.


Жоғары қарай