Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Айдос Сарым: Барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасуы тиіс

2022 жылдың 7 қаңтар 2022 19:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Президентке қолдау көрсетіп, еліміздегі ахуалды тұрақтандыру үшін бір бағытта ілгерілеуі тиіс. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде бір ғана мықты институт бар – бұл Мемлекет басшысы, президенттік институт. Біріншіден, барлығымыз Мемлекет басшысын қолдауға міндеттіміз. Өйткені, бұл бізде барлығы заңға сәйкес болуының жалғыз кепілі. Екіншіден, мемлекетті әлсіз, «ойыншық» мемлекет деп есептегендер ақылға келгені жөн. Егер қажет болса, ертең-ақ тәртіпсіздікке шақырғандардың, мемлекеттік институттарды тонауға үндегендердің бәрін табамыз және оларға тиісті заңнамалық құралдар қолданылатын болады. Үшіншіден, қазір өте қиын жағдайда тұрмыз: не әлеуметтік міндеттемелерін орындап, білім беретін қуатты мемлекет болып қаламыз немесе Ауғанстанға айналамыз. Ешкім де «мұның маған қатысы жоқ, бізді қызықтырмайды» деп ойламауы қажет. Бүгінде сөз «біз ел болып қаламыз ба әлде жоқ па? Егемендімізді сақтай аламыз да әлде айрыламыз ба?» деген жайттар төңірегінде болып отыр. Ақыл-ойы бар барлық адам Президентті қолдап, Қасым-Жомарт Кемелұлының төңірегіне топтасуы және ахуалды тұрақтандыру үшін бір бағытта алға жылжуы тиіс. Меніңше, бұл екі-үш күннің ішінде болады», - деді Айдос Сарым.

Сонымен қатар депутат халықтың ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің Қазақстанға келуіне қатысты алаңдаушылығына орай пікір білдірді.

«Халыққа қорқудың қажеті жоқ. Өкінішке орай, біз әлсіздік таныттық, күштік құрылымдар босаңдық танытты. Жемқорлық және басқа да жайттар болды. Мұны ашық айту қажет. Бізде электронды барлауымен айналысатын мамандар жеткіліксіз болып шықты. Бітімгерлер қазақ күшінің біршама мөлшерін босату үшін негізінен техникалық қызмет көрсетеді. 19 қаңтарда бұл күштер елдеріне қайтады. Сондықтан олардың міндеті - біздің күштік құрылымдар, арнаулы жасақтар қалаларды, облыстарды қорғауы үшін әуежайлар мен өзге де нысандарды күзетуге жұмылу», - деді Мәжіліс депутаты.


Жоғары қарай