Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Аяғын ара кесіп кеткен жасөспірім ауыр жағдайда жатыр - СҚО

2020 жылдың 11 маусым 2020 16:46

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері сан артериясын ара кесіп кеткен 15 жастағы баланың өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 10 маусым күні болды.

СҚО балалар ауруханасының мәліметінше, 15 жастағы бала жедел түрде аса ауыр халде жеткізілді. Электр тогымен жұмыс істейтін ара жасөспірімнің санын тіліп кетіп, салдарынан сан артериясына зақым келген. Ауруханаға түскен кезде балада геморрагиялық және жарақат шогы болған.

«Баланың өмірін сақтап қалу үшін жедел әрекет етуге тура келді. Сан артериясының қан торабына аутовена қойылып, нәтижесінде сол аяғы қанмен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты түрде ауыр, жансақтау бөлімінен әрі қарай емдеу үшін ангиохирургиялық бөлімге ауыстырылды. Тағы бір баланың өмірін сақтап қалдық. Қазіргі уақытта оның өміріне келер қауіп жоқ», - дейді СҚО балалар ауруханасының дәрігерлері.

Мамандардың айтуынша, жаз уақытында балалар арасында түрлі жарақат алу оқиғалары жиілейді. Сол себепті облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ата-аналарды балаларына бас-көз болып, оларға қауіпсіз жағдай жасауға шақырады.


Жоғары қарай