Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.


Жоғары қарай