Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Автобустың төбесіне шығып алып «серуендеген» Ақсу тұрғыны ұсталды

2021 жылдың 18 маусым 2021 16:00

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Ақсу қаласында автобустың төбесіне шығып алып, жол жүрген 18 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұл әрекетке әлеуметтік желіде танымал болу үшін барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Instagram әлеуметтік желісінде мониторинг жүргізу кезінде, павлодарлық пабликтердің бірінен Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында жас жігіттің қалалық автобустың төбесіне шығып алып жол жүргені жарияланған видео анықталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлер жарияланған видео бойынша тексеріс жұмысын жүргізді.

«17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласындағы Астана көшесінде жас жігіт автобус аялдамасынан қалалық автобустың үстіне мініп алып, жол жүрген. Көлік құралы қозғалып келе жатқанда ол балағат сөздер айтып тұрған», - деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Оның айтуынша, полицейлер тәртіп бұзушыны ұстады. Ол қаланың 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған.

Материал тиісті жазалау шарасын қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Полиция жас жігіттің бұл әрекетке әлеуметтік желідегі хайп үшін барғанын атап өтті.



Басты сөздер: Көлік, Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай