Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Австрия туристерге міндетті карантин енгізді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 08:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірқатар елі елге келетін туристерге қатысты шектеу шараларын енгізіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ВАК жұмысы туралы Телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Австрия билігі елге туризм мақсатында келгендерге міндетті карантин енгізді. Шара 7 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін қолданылады. Сонымен бірге, елде локдаун шарттары біртіндеп жеңілдетілуде. Атап айтқанда, 7 желтоқсаннан бастап мектептер, азық-түліктен басқа заттарды сататын дүкендер мен шаштараздар ашылады. Сонымен қатар, 7 қаңтарға дейін мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер, сондай-ақ спорт, мәдени және демалыс орындары жабық болады. Шаңғы тебу мен басқа да ашық ауада айналысатын спорт түрлеріне 24 желтоқсаннан бастап рұқсат етілмек.

Италияда тау шаңғысы курорттары қаңтар айының ортасына дейін ашылмайды. Рождество мен жаңа жыл мерекелері кезінде ел өңірлері арасында қозғалыс қатаң шектеледі. Желтоқсан айының соңына дейін мемлекеттің басым бөлігінде сағат кешкі 21:00-ден басталатын коменданттық сағат сақталады. Бірақ мейрамханаларға ғимарат ішінде қызмет көрсетулеріне рұқсат берілді.

Германия ауруханаларының реанимациялық бөлімшелерінде орта есеппен үш орын ғана бос. Неміс Анестезиология және қарқынды медицина қауымдастығының мамандары пандемияға байланысты реанимациялық бөлімшелерге шамадан тыс жүктеме қаупі артып келетінін айтуда. «Біз қарқынды медицина тарихында әлі кездестірмеген ерекше ауыр жағдайға тап болдық», - деді ұйымның өкілі Гернот Маркс.

Латвия төтенше жағдай режимін 11 қаңтарға дейін ұзартты. 3 желтоқсаннан бастап елде «2+2» деген атпен белгілі ереже енгізілді - 2 метр қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда екі адамнан артық кездесулерге тиым салынды. Сауда орталықтары демалыс күндері жұмыс істемейді, бетперде тағу кез-келген қоғамдық орындарда, оның ішінде мектептерде тағуып жүру міндеттелді. Латвия Премьер-министрі елдегі жағдайды өте ауыр деп атады.


Басты сөздер: Коронавирус, Еуропа, Әлем,
Жоғары қарай