Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыр атлетикадан бас бапкер Игорь Сонның жеңісі туралы: Психологиялық тұрғыдан кім мықты болды, сол жеңіске жетті

2021 жылдың 26 шілде 2021 00:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыр атлетикадан Қазақстан құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов Игорь Сонның жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сілтеме жасап.

«Әрине, бүгінгі нәтижеге көңілім толады. Жүлде үшін сынға түстік. Бірінші орынға қытайлық спортшы, екінші орынға индонезиялық спортшы ие болды. Ал үшінші орын үшін алты бірдей атлет бақ сынады. Нәтижесінде тактикалық және психологиялық тұрғыдан кім мықты болды, сол жеңіске жетті», - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов.

Оның айтуынша Олимпиада ойындарына дайындық қаңтар айында «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында басталған.

«Олимпиадаға қатысуға құрамадан қос спортшы, атап айтқанда, Игорь Сон мен Ибрагим Берсанов үміткер болды. Сәуір айында спортшылар Азия чемпионатына қатысып, ұпай көп еншілеген спортшы Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды. Тиісінше, Игорь Сонның көрсеткіші жоғары болды.

Дайындық барысында кездескен ең үлкен кедергі ол - Игорьдың тізесіндегі жарақаты болды. Емделіп, дәрігерлеріміздің арқасында маңызды жарысқа дейін қалпына келді. Осы орайда дәрігерлерімізге айтар алғысымыз шексіз», - деп толықтырлы Б.Ахметов.

Еске сала кетсек, ауыр атлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші «қоланы» салды.



Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай