Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 22 желтоқсан 2021 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Ауылым – алтын тұғырым» атты республикалық әдеби байқау қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық байқау онлайн форматта өтті және оған еліміздің әр өңірінен 100-ден астам қаламгер қатысты.

Осымен бесінші жыл өткен әдеби сайыс поэзия, проза және драматургия жанры бойынша ұйымдастырылды.

Одан бөлек, «Балаларға арналған ең үздік әдеби шығарма» номинациясы бар.

«Келіп түскен шығармалардың арқауы – ауыл. Ауылдың тіршілігі, ауылдағы ағайындардың өмірі қаламгерлердің еңбектерінен көрініс тапты. Осыған дейін қатысқан авторлардың шығармалары 12 томдық жинақ болып шықты. Біз олардың ауылдық және аудандық кітапханаларға тегін таратып келеміз. Байқауға қатысамын деушілерге шек қоймадық, оның ішінде кәсіби әдебиетшілер де, қалам ұстаушы әуесқойлар да бар. Тек жас ерекшелігі бойынша шектеу қойылды. Яғни қатысушының жасы 45-тен аспауы тиіс. Ондағы себеп халық арасындағы жас ақын, жазушыларды қолдау және оларды ауыл тақырыбына қарай бұру. Неге ауыл? Себебі біздің негізіміз, тіліміз, мәдениетіміз ауылда. Мақсат – ауыл және онда тіршілік етіп жатқан халықтың өмірін дәріптеу», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.




Айта кетейік, шығармашылық байқау «Ауыл» партиясының ұйытқы болуымен өтіп отыр және қатысушылардың еңбегі жинақ болып шығады.

Ұйымдастырушылар мәлім еткендей, әр жанр бойынша үздік деп танылған 1 орын иесіне 500 000 теңге, 2 орын иесіне 300 000 теңге және 3 орынды иеленген жеңімпазға 200 000 теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.

Сондай-ақ, арнайы жүлде иелеріне 100 000 теңге сыйақы берілді.

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жеңімпаздары:

Бас жүлде - Есболат Айдабосынов (Соңғы намаз)

Поэзия:

1 орын - Арқалық Әмәлият;

2 орын - Ұмтыл Зақан;

3 орын - Жарқын Жұпархан;

Қасым Аманжолов атындағы арнайы жүлде - Жұматай Көксубай.

Проза:

1 орын - Есболат Айдабосынов;

2 орын - Айзат Рақышева;

3 орын - Жантас Еркін;

Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы жүлде - Қанат Әбілқайыр.

Драматургия:

1 орын - Ықылас Шалғынбай;

2 орын - Әскерхан Хуанбай;

3 орын - Ақылбек Шаяхмет;

Қалихан Ысқақ атындағы арнайы жүлде - Сәдір Нұрлан.

Сондай-ақ, «Балаларға арналған ең үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша Аслан Тілегенов үздік атанды.















































Жоғары қарай