Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауылдардағы ауыз су сапасына монторинг жасайтын интерактивті карта жасалды

2021 жылдың 13 қазан 2021 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдардағы ауыз су сапасына монторинг жасайтын карта іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет берді.

«Ауылдарды сумен жабдықтаумен қамтуды мониторингілеу үшін auylsu.kz дейтін интерактивті карта әзірленіп, қолданысқа жіберілді. Онда түрлі параметрлер бойынша жағдай көрсетілген. Оның ішінде сумен жабдықтаумен қамтылуы, қаржыландыру, қаражат қажеттілігі, халық санын желілердің ұзындығы, тозу деңгейі және мәліметтер бар. Бүгінгі күні аталған карта интернетте қолжетімді», - деген министрлік өкілі келешекте тұрғындар су сапасы мен интерактивтегі картадағы мәліметтердің алшақтығына шағым түсіру тетігін іске қосу көзделгенін атады.

«Бүгінде интерактивті картаны жетілдіру үшін халықпен кері байланысты орнататын қосымша функцияны қосу бойынша шаралар қабылдап жатырмыз. Сондай-ақ, ауыз судың берілуінің үздіксіздігі және көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ақпарат қосылатын болады», - деді Бейбіт Шаханов.


Жоғары қарай