Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл тұрғындары газ құбырының сапасыз тартылғанына наразы - Алматы облысы

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 13:04

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында тұрғындар газ құбырының сапасыз тартылып жатқанына наразы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған елді мекеннің тұрғынының бірі атқарылып жатқан жұмысты видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Қараңыздар, бізде газ құбыры қалай болса солай тартылып жатыр»,- дейді бейнежазба авторы.

Ал Ескелді ауданы әкімдігі ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына былай деп жауап берді. Мамандардың сөзінше, құбырларды жүк көлігі зақымдап кеткен. Жұмыстар алдағы уақытта қайта қалпына келтіріледі.

«Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округіне «МБК Құрылыс» ЖШС-ның мердігерлік етуімен газ тартылуда. Жақында әлеуметтік желілерге Қарабұлақ ауылдық округінің​ Әуезов атындағы көшесіне газ құбырларының сапасыз тартылғандығы жайлы видео тараған болатын. Видеода газ құбыры жерде құлап жатқандығы көрсетілген. «Әуезов көшесінде газбен қатар жылу жүйесі де тартылуда. Осы көше тым тар болғандықтан жылу жүйесін жүргізіп жатқан «Сапа құрылыс 2007» ЖШС-ның ​ тракторы көшеге сыймай, газ құбырларына ​ зақым келтірген. Осыған байланысты жылу жүйесін орнатқан мердігерлер газ тартып жатқан компаниямен келісімшартқа отырды. Жұмыстар аяқталғаннан кейін зақымданған газ құбырлары орнына келтірілетін болады», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.


Жоғары қарай