Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығында «роялтидің» әлеуеті қандай

2020 жылдың 30 қазан 2020 18:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков ауыл шаруашылығындағы «роялти» әлеуеті жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы ауыл шаруашылығындағы «роялтидің» әлеуетін шамамен есептеп көрдік. Тек өсімдік шаруашылығында оның көлемі жылына 10 млрд теңге сомасында. Соның 3 млрд теңгесін тікелей ғалымдарға төлеуге болады», - деді Т. Рахымбеков АӨК саласында ғылыми жетістіктерді коммерцияландыру тақырыбындағы онлайн-конференцияда.

Оның айтуынша, 2020 жылы ғылымды қаржыландыру 7,5 млрд теңгеге жетті.

«Оның ішінде үштен бірін еңбекақы қоры құрап тұр, яғни 2,5 млрд теңгесі. Егер де миллиард теңгесін әкімшілік персоналға – директорлар, бухгалтерлер, кардлар, заңгерлер, жүргізушілерге және басқаларына бағытталса, онда ғалымдарға 1,5 млрд теңге тиесілі болады. Осының үстіне оларда тағы да 3 млрд теңгені «роялти» есебінен алу мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда шынайы еңбек етіп жүрген ғалымдар алар еді», - деді Т. Рахымбеков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Төлеутай Рахымбеков аграрлық салада ғалымдар өзінің ғылыми жұмыстарына сыйақы алуы керектігін атап өтті.

«Коммерцияландыру – бұл термин қазіргі кезде біздің қоғамдық өмірімізде өзінің нақты орнын алып отыр. Коммерцияландырудың қажет екеніне дау жоқ, алайда сөзден іске көшу үшін біраз шаруаны еңсеру керек. Коммерцияландырудың ішіндегі ең басты тетіктерінің бірі – ол «роялти жүйесі», - деді ол.


Жоғары қарай